• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Солтүстік Қазақстанда 100-ге жуық елді мекенді су басуы мүмкін

240 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде эвакуациялық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі. Жиналысқа қатысушылар өңірлік эвакуациялық комиссияның төтенше жағдай кезіндегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі дайындығын талқылады. Болжам бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болмақ. СҚО ТЖД басшысының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, облыс аудандарындағы эвакуациялық жоспар қосымша түзетуді қажет етеді. «Өткен жылғы сараптамаларды қорытындылай отырып, департамент 94 елді мекен мен су тасқынының қаупі бар Петропавл қаласын есепке қойды. Олардың көбі Есіл, Тайынша және Аққайың аудандарына тиесілі», – деп атап өтті Ерік Сарыбаев. «Халықпен жиналыс өткізіп, су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер ережесін үйрету қажет. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізу керек. Біздің міндетіміз – су тасқынының зардабын азайтып, елді мекендерді қорғау, адам шығынын болдырмау, тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау», – деп түйіндеді облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова.