• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Басты бағдар – экспорттық өнім

134 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жан-жақты талқыланған актив жиналысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі тұрлаулы жалғастырудың нақты жолдары айқындалды. Алқалы басқосуда аймақ бас­шысы Ерік Сұлтанов баяндама жасап, Үшінші жаңғырту талабы еліміздің жаһандық бәсекеге қабі­леттілігін қамтамасыз ететін эконо­микалық өсімнің жаңа моделін құру маңыздылығы­мен ерекшеленетінін, бес негіз­гі басым­дық озық мемле­кет­тер­дің қатарына қосылу­ға бағ­дар­ланғанын, «Қазақстан-2050» стратегиясының заңды жалғасы екенін атап көрсетті. Алдымызда экономиканың жедел­детілген технологиялық жаң­ғыр­тылуын жүзеге асыра отырып, жаңа индустриялан­дыруды өркен­дету секілді өте ауқымды кешен­ді міндеттер тұр. Бұл үдеріс­тер барлық саланы қамтып, эконо­миканың құры­лымына сапалық өзгерістер әкеледі. Дәстүрлі база­лық салалар­дың әлеуеті артып, экс­порт­тық өндіріс жолға қойы­лады, дей келіп, Ерік Хамзаұлы өз сөзіне дәйек ретінде жергілікті жерлерден мысалдар келтірді. Е.Сұлтанов, сондай-ақ, Жол­дауда экономикалық өсімнің тұрақ­­тылығы үшін тау-кен метал­­­­лур­гия­сының страте­гия­­лық маңызын сақтауға зор мән беріл­генін, бұл бағыт бо­йын­ша геоло­гия­лық барлау жұмыс­та­ры жүргі­зіліп, жерасты бай­лық­тарын игеру өн­дірісіне басымдық беріліп отыр­ғанын жеткізді. Қалайының мол­дығы жөнінен Орталық Азия бойын­ша ең ірі «Сырымбет» кен ор­нында тау-металлургия комбина­тын тұр­ғызуға 10 миллиард теңге бағыт­талатын болады. Сонда жылына 2 миллион тонна өнім шығарылып, 600 жаңа жұмыс орны ашылады. Баяндамашы жол, тұрғын үй, басқа да инфрақұрылым құрылысын жандандыру, жергілікті құрылыс материалдарын өндіру жайына да айрықша тоқталды. Аймақ басшысының айтуын­ша, Елбасының тапсырмасы бойын­ша биыл «Нұрлы жер» тұр­ғын үй бағдарламасын іске асыру шең­берінде алдағы 15 жыл­да 1,5 мил­­лион отбасын баспана­мен қам­тама­сыз ету секілді ір­гелі мін­дет тұр. Жергілікті бағдар­ламада тұр­­ғын үй нарығын дамытудың кешен­ді шара­лары жан-жақты қарас­тырыл­ған. «Солнечный» және «Южный» шағын аудандарынан төрт мыңға жуық жер телімі бөлініп, жеке адам­дардың баспана салуына қам­қор­лық жасалады. Сондай-ақ, 250 үй тұрғызу үшін типтік жобалар жасалып, мердігерлер бекітілген. Халық­тың әлеуметтік әлсіз топ­тары­­на арналып 530 пәтерлі 6 көп қабатты жалгерлік үй тұрғызылады. Е.Сұлтанов бизнес-ортаны түбе­гейлі жақсарту және кеңей­ту, макроэкономикалық тұрақ­тылық, адами капитал сапасын жақсарту басымдықтары бойын­ша алда атқарылатын шараларды әңгімеледі. Тиісті орындарға нақ­ты тапсырмалар беріп, сапалы әрі уақытында орындалуын қада­ғалауды жүктеді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы