• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Жаңғыртудан жастар да сырт қалмайды

170 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауын талқылау, мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу, жастардың өткір мәселелерін ортаға салу – осы кездесудің басты тақырыбы болды. Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен облыста осыған дейін жұ­мыс­­шылармен, зиялы қауым өкіл­дері­мен, студенттермен болған кез­де­су­лерден алған әсерін баяндады. – Жастармен жүздесуге мен әр­қашан асығып тұрамын. Бүгін Жәңгір хан атындағы аграр­лық универси­тет студенттері­мен кез­дестік. Өте орын­ды, ұтымды ұсы­ныстар айтылды. «Болашақ» қауым­дастығының осы өңірдегі бөлім­шесіне де дән ризамын. Әр­дайым ұйымшыл, ел тағдыры ше­ші­летін мәселелерге сергек қарап, бас­та­маға үн қосып отырады. Оның үстіне Батыс Қазақстан облысын басқарып отырған Алтай Көлгінов те «Болашақ» бағдарламасының түлегі ғой. Сондықтан, бұл өңірде жастар пікіріне, жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, – деді депутат. Бақтияр Мәкен Конституция­ға енгізі­летін өзгерістер, билік бөлі­нісі секілді тақырыптарға жер­­гі­лік­ті жастардың көзқарасын білу депу­­тат­­тар үшін өте маңызды еке­нін мә­лім­деп, бұрын елімізде бол­ған «Жастар Парламенті» жоба­сы қай­та жан­данатынын айт­ты. Жас­тар Па­р­ламентіне саяси көз­қара­сы қа­лып­тасқан көшбасшы жас­тар ірікте­ліп алынбақ. Олар жалаң ұран­мен жұ­мыс істемей, заң тетіктеріне қат­ыс­ты нақты ұсы­ныстар айта ала­тын­дай күш болуы тиіс. Жобаға өңір­дегі «Бо­лашақ» түлектері көбірек тартылмақ. Кездесуде Ақжайық өңірінде қыз­мет етіп жүрген болашақтық маман­дар, жастар серкелері ашық-жар­­қын ой бөлісіп, көптеген ұсы­ныс­ты ортаға салды. «Болашақ» қауымдастығы БҚО бойынша филиалының жетекшісі Салтанат Түменбаеваның айтуын­ша, бүгінде өңірде «Болашақ» бағ­дарламасының 140-тан аса тү­легі әртүрлі салада еңбек етіп жүр. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ