• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Станимир Стойлов «Астанадан» кете ме?

91 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов sportal.bg порталына берген сұхбатында қазақстандық ұжыммен алдағы мақсаты жайлы, сондай-ақ Еуропаның үздік чемпионаттарының бірінде қызмет еткісі келетіндігі туралы мәлімдеді. «Бізді тартысқа толы кезекті маусым күтіп тұр. Қазіргі басты міндетіміз – алдағы чемпионатқа және еурокубоктық ойындарға тыңғылықты дайындалу. Еуропа клубтарымен өтетін матчтар бар күшімізді алып қоятыны сөзсіз. Міне, дәл осы кезде өзіңнің қаншалықты білікті маман екенің де сынға түседі. Ал қалғандары осының төңірегінде өрбиді. Әрине, батыстың алпауыт ұжымдарымен тайталасып, турнирлерге жолдама алу ылғи да қолымыздан келе бермейді. Бірақ уақыт өте келе жанкүйерлердің «Астанаға» деген пікірі де өзгеріп жатқаны байқалады. Ал ендігісін жазда көреміз», – деді Стойлов. «Егер шетелдік клубтардан ұсыныс түссе, ол жағын да қарастырамыз. Еуропаның үздік клубтарының бірін жаттықтырғым келетінін жасырмаймын. Бірақ болгариялық төлқұжат бұл мүмкіндігімді жүзеге асыруға кері әсерін тигізіп жатады. Соңғы жылдары айтарлықтай жұмыс атқарсақ та, көпшілік біз туралы теріс пікірде», – деді «Астананың» жаттықтырушысы. Айта кетейік, елордалық клуб пен болгар маманы арасындағы келісімшарт осы жылдың соңында аяқталады.