Жанат Жақияновтың промоутері және бапкері Рикки Хаттон боксшының бүгінгі жеңісінен кейін пікір білдірді.
«Жақиянов үшін қатты қуаныштымын. Бұл менің чемпион атанған алғашқы шәкіртім», - деп жазды туиттер парақшасында.
«Бұл біздің ортақ жеңісіміз!» - деп қосты боксшы.
Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18КО) пен америкалық Роуши Уоррен (15-2, 4КО) жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.