Қарағандыда автокөліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оның денесінен пышақ жарақаттары анықталған. Оқиға Қарағанды қаласының Төлеpов көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марқұмның таныстарының айтуынша, әйел риелторлық қызметпен айналысқан және өз ісінде табысты, материалдық жағдайы жақсы болған. Оның артында екі баласы қалғаны хабарланды.
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша «кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Қазіргі уақытта қылмыстың нақты себебі анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.