• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Рейхерд – Әлем кубогының күміс жүлдегері

146 рет
көрсетілді

Фристайлдан қазақстандық Дмитрий Рейхерд Әлем кубогында күміс жүлде иеленді. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында сынға түскен фристайлшымыз 86,70 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Ал Рейхердтен небәрі 0,01 ұпай артық жинаған канадалық Майкл Кингсбери жарысты бірінші болып аяқтады. Үздік үштікті оның тағы бір отандасы Филипп Марки (85,94) түйіндеді. Айта кетейік,  Дмитрий Рейхерд Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарында фристайлдың могул және параллельді могул түрінен екі бірдей алтын жүлде алған.
Соңғы жаңалықтар