• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік – заманның өктем талабы

3580 рет
көрсетілді

«Заман өзгерді, сен де өзгер», деп туған халқына хакім Абайдың арнаған өсиеті есімізде. Сол Абай айтқан, Абай меңзеген өзгерістер уақыт өте келе арнасы кеңейіп, барынша күрделеніп бүгінгі тәуелсіз заманымызда да өзінің өктем талабын алдымызға тартып отыр. Енді бірден негізгі әңгімемізге көшетін болсақ, оны осы заманда қай халық болса да шетел тау­а­рын, егер ол өз сұранысына қо­лай­лы болса, ешқандай жатсын­бай өз өмірлеріне пайдалану дәс­­түрі қалыптасқанынан бас­тайық. Біздер, қазақстандықтар да Жа­по­ния, Оңтүстік Кореядан кел­ген жүйрік жеңіл машиналарды, Батыс, Шығыс елдерінен келген көп­теген тамақтың түрлерін Қы­тай­дың үй жиһазын, Еуропа ел­дерінің сәнді тігілген киімдерін, алыс-жақын жылы елдерден келген жеміс-жидектерді, күнделікті өмірге керек техника, технология­ларды өз тұрмысымызға кеңінен пайдаланудамыз. Пайдалана отырып, осы тауарлар бізде неге шыға­рыл­майды немесе неге олар­дікі арзан, ал біздікі қымбат немесе шеттен келген тауардың сапасы біздегіден неге жоғары деген сияқты көптеген сұрақтар туады. Сондықтан да бәсекеге қабілетті болу біздің заманымыздың өктем талабы және де бұрын бол­ма­ған бірден-бір ерекшелігі. Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезек­ті Жолдауында біздерді осы жаһан­дық бәсекеге қабілеттілікке шақырумен қатар, оған жетудің жолы мен шарттарын да жан-жақты баяндап, ұсынып отыр. Біздің заманымыздың тағы бір зор ерекшелігі – жаһан­дық бәсекеге әр ел тек өзінің жер-суы­ның, өндірісінің, жалпы эко­номикасының деңгейімен ғана емес, сол елдің азаматтарының дүние­танымы, білімі мен білігі, іскерлігі, жаңашылдық деңгейі­мен, қорыта айтсақ, адами капитал деңгейімен де түсіп отыр. Бұрын біздер адами капитал, оның сапасы, экономикаға әсері туралы көп ойлай қоймайтын едік. Заман өзгерді, қазір ел шаруа­шылығының қай саласын алсаң да оның бүгінгі, әсіресе, келешекте дамуы, бұрынғыдан да жедел, тиімді дамуы тек ғылым жаңа­лығы, оны іске асыра алатын білім, біліктілік негізінде ғана мүмкін. Ал ғылым мен білім адам сипа­тының, адами капиталдың негізін құрайды. Әлем елдеріне, әсіресе, алға кеткен елдердің озық тәжірибесіне көз жіберсек, олар­дың бүгінгі ішкі жалпы өнімі­нің 70-90 пайызына дейін ғылым мен білім негізінде алынғанын көреміз. Осыдан кейін бүкіл әлем ел­дері болмаса да, олардың басым көп­шілігі өз еліндегі адами капи­тал­дың сапасын арттыру жолына түсті, яғни, адами капитал жа­һан­­дық бәсекеге қабілеттіліктің тағы бір өте маңызды құралы мен көрсеткішіне айналып отыр. «Білімсіз бірді, білімді мың­ды жығар» деген данышпан халқы­мыз­дың нақыл сөзі қазір әлемде іс жүзінде дәлелденгенін көріп отыр­мыз. Бүгінгі таңда әлем ел­дері инновацияны, оның тәсіл­дерін де жаһандық бәсекеге қабі­лет­тіліктің маңызды құралы дәре­­же­сіне көтеруде. Кейбір ел­дер­­дің жоғарыда айтылған ішкі жал­пы өнімінің 30-40 пайызына де­йін инновацияны жаппай және тиім­ді пайдалану негізінде алып отыр­ғанын көреміз. Инновацияны өз басым адам­ның жаңашылдық қасиеті және босқа айтылған сөз немесе іс емес, әрбір өмірге келген жаңалықтың шаруашылыққа тиімділігі мен пайдасына қырағылық көрсе­тіп, оны іске асыра білетін адами қасиет дер едім. Осы жағынан да әлем елдері жаһандық бәсекеге кіріп кетті. Ұтқандары ілгері озады, ұтылғандары орнында қалады. Ұтылғың келмесе, экономикаң, әлеуметтік жағдайың жақсы болсын десең, өз азаматтарыңды жаңашылдыққа баптай біл, оларды оқыт, үйрет, әлемнің озық үлгілерімен сусындат, қолдау көрсет, ынталандыра біл. Сонда жеңіске жетесің, ғылым, білім, инновация арқылы жаһандық бәсекеге қабілеттілік өседі. Елбасының халыққа кезекті Жолдауында айтылған өзекті мәселенің бірі осы. Осы бағытта жү­ре­­тін жолымыз, істейтін ісіміз­дің маңызы өте зор, дейді Елбасы өз Жолдауында. Қорыта айтсақ, адам сапасы, адами капитал – қ­а­зір­гі заманымыздың, жаһандық бә­­се­кеге түскен әлем елдерінің осы үр­діске қабілеттілігінің ше­шу­­­ші құралы. Елбасы осындай өзек­ті, мемлекеттік маңызы зор мәсе­­лені шешу жолдарына атал­ған Жол­­дауында жан-жақты тоқталды. Жаһандық бәсекеге қабілет­тілікке жеткізетін тағы бір ма­ңыз­ды жол бар екенін де кө­ріп, түсініп келеміз. Ол – заман талабына сай мемлекеттік құры­лыс, мемлекеттік басқару, саяси, эко­номикалық, әлеуметтік жүйе­­­лер. Осыларды заман талабына сай ойластыра жасай білу, со­ның арқасында ілгері жедел жүріп, басқалардан қалмау – біз өмір сүріп отырған дәуірдің тағы бір өктем талабы. Мемлекетіңді құра біліп, оның барлық саласына тиімді басқару саясатын жасай алсаң, жаһандық бәсекеде ұтқаның, жасай алмасаң немесе кешеуілдесең – ұтылғаның. Адамзат тарихы мемлекеттік құрылыс пен оны басқару ісіне үлкен талғампаздық керек екенін сан рет дәлелдеп-ақ келе жатыр. Көне тарихты қопармай, өзіміз білетін заманға тоқталсақ та, атал­ған талғампаздық өте қажет еке­нін жақсы түсінеміз. Мысалы, мемлекеттік тиімді жүйе монар­хия емес, конституциялы, зайыр­лы мемлекет екені бүгін бар­ша әлемге белгілі. Кешегі автори­тар­лық социализм демократия, нарық жолымен жүрген елдерден бәсекеде жеңіліп қалды. Осыдан кейін егемен ел ретінде біздер демократияны уағыздап, нарық экономикасы жолына түстік. Ширек ғасыр осы жолмен жүріп өттік. Конституциялық рес­публика, оған сәйкес билік жүйесі құрылды. Нарық экономикасының шешуші тетіктері іске қосылды. Алыс-жақынмен бейбіт қаты­нас­ты, жарастықты көздеген сырт­­қы саясат, елімізде орнаған ашық қоғам біздерге көптеген әлем ел­дерімен өзара тиімді байла­ныс жасауға мүкіндік берді. Бір сөзбен айтқанда, біздер жаса­ған конституциялық рефор­ма, құрыл­ған билік жүйесі, жүргізіл­ген сая­си, экономикалық, әлеумет­тік ре­фор­малар бұрынғы артта қал­ған Қазақстанды көп ілгері жыл­жы­тып, барлық маңыз­ды көр­сет­кіш­терімен 217 әлем елдерінің ішінде 50-55-орындарға көтеріп отыр. Дегенмен, мемлекеттік құры­лыс, басқару жүйесі де заман өзгерісіне байланысты оны әрі қарай жетілдіре беруді талап ете­ді. Және бізде қолданыста бол­ған жүйенің кемшілігі де сезі­ліп, оны жақсарту талабы тұр. Осы мақсатпен Елбасы өзі­нің халқымызға Үндеуінде біз­дегі биліктің үш тармағының жұ­мы­с­ын, олардың бір-бірімен арақа­тынасын бұрынғыдан да жақсы оңтайластыру керек екенін айтты және де тиісті ұсыныстар жасады. Дәлірек айтсақ, қазір Пре­зидент құзырында болған кейбір мәселелерді Парламент пен Үкімет құзырына беру ұсы­ны­лып отыр. Бұл биліктің соң­ғы екі тармағының еліміздің тиіс­ті дәрежеде дамуына жауап­кер­­ші­лігін арттыратыны сөзсіз. Және осыған бағытталған рефор­ма Парламент пен Үкіметтің құзыр­ларының өзара тепе-теңдігін де қамтамасыз етуі керек. Осындай конституциялық реформаның қажеттілігі әртүрлі деңгейде айтылып жүрген бола­тын. Бірақ оның толғағы пісіп, қазір керекті шешімдер қабыл­дан­ғалы тұр. Сонымен қатар, біз­дер алдағы уақытта да ең жо­ға­ры өкілеттік, оның шешу­ші тетіктерін Президент қолын­да берік ұстаған республика дәре­же­сін­де дамуды жалғастыра бере­міз. Ел бірлігін сақтауға, алған бағытымыздан жаңылмай, ел болып ілгері жүре беру үшін биліктің Президент тармағының маңызы өте зор. Демократия жолымен бұрыннан ғасырлар бойы жүріп келе жатқан АҚШ сияқты ел де, жақын арада осы жолға түскен Ресей, Қытай елдері де президенттік басқару жүйесіне басымдық беруде. Бұлар да біздің таңдауымызға жақсы ықпалын көрсетіп отыр. Ал енді осы саяси реформа­ның жаһандық бәсекеге қабілетті­лік­ке қатысы бар ма? Әрине, бар. Өйткені, мемлекеттік басқару жүйесі ел экономикасы дамуына, бүкіл ел өмірінің қай саласын алсаң да оның заман талабына сәйкес дамуына тікелей жауапты және ықпалы зор. Демократиялық бағытпен, нарық экономикасы жолымен жүрген, саяси құрылымы тиімді қалыптасқан елдердің көбінің ілгері кеткенін, олар әлем елдерінің көш басында жүргенін біздер өткен ширек ғасырда танып, білдік. Сондықтан да осы жолмен жүру өмірдің өктем талабы және де жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Елбасының конституция­лық реформа туралы Үндеуі кенеттен туған мәселе емес. Әлем­дегі қалып­тасқан саяси, экономи­ка­лық, әлеуметтік ахуал, өз ішімізд­е, сыртта да болып жатқан сан қилы өзгерістер ескеріліп, екше­ліп, електен өтіп жасалған қадам. Сон­дықтан осындай рефор­маның, саяси жүйедегі күрделі өзгерістердің толғағы пісті деп айта аламыз. Сонымен, абайлап қарасақ, біздер бүгін егемен ел екенбіз, сонымен қатар, сан қилы жаһандық бәсекеге бой ұрған, белсене кіріс­кен мемлекет екенбіз. Өткен 25 жылда жаңа мемлекет құрып, эко­но­миканы технологиялық негіз­де жасақтау сияқты үлкен де күрделі асуларды алып едік, ал Президенттің соңғы Жолдауында көрсетілген жол, діттеген мақсат – олар үшінші, бұрынғыдан да маңызды асқаралы асу, Елбасы атап айтқандай, Үшінші жаңғыру үрдісі болып отыр. Және де маз­мұны терең, жауапкершілігі зор қадам. Бұрынғы Жолдауларда Елбасы экономиканың, әлеуметтік сала­ның, білім беру немесе денсаулық сақтау салаларының даму жолдарын жан-жақты көрсете біліп еді. Бірақ жалпы Қазақстан, Қазақ мемлекеті болып жаһандық бәсе­кеге қабілетті болу талабы оларда кешенді түрде қойылған жоқ болатын. Осындай асқаралы асу, тарихи таңдау аталған Жолдауда бірінші рет айтылып отыр. Және де осы таңдаудың өткен ширек ғасырдағы егемендік сапарымызда айтарлықтай негізі жасалды. Мемлекетіміз үлкен сынақтан өтті, тәжірибе жинады. Ел есейді, жақсы-жаманды таны­­ды, жүрер жолының маңыз­ды екенін түсінді. Билік басын­дағы­лар, үлкен-кіші басшылар өткен жылдарда саналы да сапалы өмірдің университтерінен өтті, әлем­дегі озық үлгілерді көрді, бойы­на сіңірді. Ана сүтінен бас­тап жаңа­ша тәрбиеленген тегіс бір ұр­пақ бүгінгі реформаларға белсене араласа бастады. Шетелдер тілін меңгеріп, бүкіл әлемді кеңі­нен ара­лаған ел азаматтарына әлем­­дік өркениет те, демократия да, н­арық жолы да бұрынғыдан да көбі­рек қыры мен сырын аша бас­тады. Елдікке шақырсаң жаныңнан табылып, қолдайтын достар да бар­шылық. Әлемге өзінің ке­мең­герлігімен жақсы танылып, біз­дерге Үшінші жаңғыру жолын ұсынып отырған Елбасымыз ат үстінде. Осылардың арқасында алды­мыздағы асу – Үшінші жаң­ғыру жолы сәттілікке әкелетініне сенім мол. Кенжеғали САҒАДИЕВ, академик