• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Мақсат айқын, талап жоғары

243 рет
көрсетілді

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясында Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Елбасының облыс әкімінің лауазымына Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынғаны туралы хатын оқып берді. Халық қалаулылары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады. Бұдан кейін Әкімшілік Бас­шысы жаңа аймақ басшысын актив жиналысында таныс­ты­рып, жемісті еңбегі үшін Ерік Сұл­тановқа алғыс айтты. Ал Қ.Ақсақалов өзіне көр­се­тілген үлкен сенім үдесінен көрініп, адал қызмет етуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жет­­кізді. Е.Сұлтанов өз кезегінде үш жылға жуық еңбек еткен уақыт ішінде өзіне қолдау көрсеткен солтүстікқазақстандықтырға ри­зашылығын білдірді. Ә.Жақсыбеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағыты бойынша бір­қатар жұмыстардың ат­қарыл­ғанын тілге тиек ете отырып, Жолдаудан туындайтын іргелі міндеттерге актив наза­рын аударды. Президент Қазақ­стан жұртшылығы алдына бес негізгі басымдықты ең­серу талаптарын қойғанын айта келіп, экономиканың жедел­детілген технологиялық жаңғыр­тылуы, аграрлық сектор, шағын және орта бизнес сала­лары бойынша үйлесімді іс-әре­кет, белсенді қимыл жа­сауға шақырды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы