• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Өзгерістер оң бағаланды

143 рет
көрсетілді

Таяуда Венеция қала­сында Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропалық комиссиясының (Ве­неция Комиссиясы) 110-жалпы сессиясы өтті. Сессияның күн тәр­­тібіне «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Конс­ти­туциясына өзге­рістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» Қазақстан Республи­ка­сы­ның Заңы бойынша Комиссияның қоры­тын­дысын жариялау туралы мәселе енгізілді. Сессия жұмысына Қазақ­стан Республикасы Прези­дентінің Әкімшілігі Басшы­сының орынбасары Т.Дона­қов, Конституциялық Кеңес­тің төрағасы И.Рогов және Қа­зақстан заңгерлері одағының төрағасы Р.Мұқашев қатысты. Аталған қорытындының жобасын дайындау үшін Комиссия Арменияның, Бол­гарияның, Гру­зияның, Латвияның, Ресей­дің жә­не Түркияның танымал маман­дарын шақырды. Сарап­шы­лардың, Комиссия мүше­лерінің және Қазақстан өкіл­дері­нің пікірін тыңдау нә­ти­жесінде Комиссия Қазақ­стан­дағы конституциялық өзге­рістер мемлекетті демократия­ландыру процесіндегі алға басылған қадам деп атап өтілген тұжырымдаманы қа­былдады. Бұл реформа елдің одан әрі дамуының оң ба­ғытын көрсетіп, нақты прог­ресті дәлелдейді. Комиссияның пікірі бо­йынша, Парламенттің және Парламент палаталарының рөлін көтеру, республика Пре­зидентінің кейбір функция­ларын Үкіметке беру, оның Парламентке есеп беруі жә­не бақылауында болуы тетік­терін күшейту оң өзгеріс болып табылады және бұдан бұ­рын, 1998, 2007 жылдары өткі­зілген конституциялық рефор­малардың бағытына сай келеді. Оған қоса, Комиссия «Әкім­шілік рәсімдер туралы» Қа­зақстан Республикасы Заңы­ның жобасы бойынша да қоры­тынды беріп, Қазақстан Рес­публикасы Судьялық әдеп кодек­сінің жобасы бойынша іске қанағаттанушылық біл­дірді, деп хабарлады Конс­ти­ту­циялық Кеңестің бас­пасөз қызметі.