• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Қызығушылар қатары көбейіп келеді

96 рет
көрсетілді

Иә, дәл солай. Арқа төрінде өтетін биылғы жылдың ең ма­ңыз­ды, ең ауқымды шарасын тамашалауға шығыс жұрты ерек­ше ықылас танытып отыр. Облыстық туризм және сыр­т­қы байланыстар бас­қар­ма­сының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, осы жыл­дың алғашқы екі айында облыс тұрғындары 16 мыңға жуық билет сатып алған. Оның 9 240-ы пошта арқылы, 6 747-сі Интернет арқылы сау­да­лан­ған. –Бұл көрсеткіш бойынша об­лысымыз республикада көш бас­тап тұр. Көрме билеттері «Қаз­поштаның» облыстағы 67 бөлімшесінде және интернет арқылы саудалануда. Жуық арада Өскемендегі «Император» сауда үйінде ЭКСПО-ның ресми би­лет кассасы ашылады, – дейді бас­қарма басшысы. Жақында Өскеменде ЭКСПО көрмесінің жайын талқылаған жиында өңір басшысы Даниал Ахметов жергілікті құзырлы ор­гандарға елордаға маңызды ша­­раны тамашалауға баратын облыс тұрғындарына жайлы жағдай жасауды тапсырды. – Бұл мәселеге ерекше кө­ңіл бөлген жөн. Мәселен, ау­дан­дардан Астанаға баратын адам­дардың жол маршрутын ой­ластырып, жоспар жасау қа­жет. Елордаға барып, қонақ үй­лермен келісім жасаңыздар. Біз үшін оны ешкім істемейді. Ең бастысы, көрмеге баратын об­лыс тұрғындарына қалыпты жағ­дай жасалып, қауіпсіздігі қам­тамасыз етілуі керек, – деді о­б­лыс әкімі. Облыстық ішкі саясат бас­қар­масының басшысы Ержан Сембиновтың айтуынша, өңір­де көрмені ақпараттандыру ба­ғы­тында бірқатар шаралар қолға алынған. Арнайы медиа-жос­пар әзірленген. Қазіргі уақытта өскемендік студенттерден 138 ерікті жасақталып, Астанада өте­тін көрме кезінде шетелдік қо­нақтарға қызмет көрсетуге әзір­леніп жатқан көрінеді. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН