Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың басшылығымен қазақстандық делегация Израиль мемлекетінде болып қайтты.
Делегация құрамында министр Б.Атамқұлов бастаған Қорғаныс және аэроғарыш сондай-ақ Қорғаныс министрліктерінің, т.б. ұйымдардың өкілдері болды.
Сапар барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Израиль Қаржы министрі Моше Кахлонмен, Израиль Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесті.
Қазақстан-Израиль бірлескен комиссиясы Қазақстанға инвестицияларды тарту және біздің мемлекеттерде бизнес жүргізу шарттарын жасау үшін құралдардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, Б.Сұлтанов бірлескен комиссияның теңтөрағасы ретінде бизнес қауымының өкілдерімен кездесті.
Сонымен қатар, Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілдерімен Израиль үкіметінде Меркава жобасын іске асыру мысалында жалпы сервистің мемлекеттік орталығын құру, бюджеттік жоспарлау процестерін, мемлекеттік активтерді, мемлекеттік сатып алуды басқаруды автоматтандыру тәжірибесі қарастырылды.
Бұдан басқа, ақпараттық-коммуникациялық салада сарапшылар деңгейінде «Цифрлы Қазақстан» және «Цифрлы Израиль» мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ынтымақтастықта қол жеткізілді. Агротехнологиялар саласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшылары технологиялар трансферті аясында және бірлескен кәсіпорындар құру бойынша қазақстандық және израильдік аграрийлердің ортақ ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктер қарастырылды.
Денсаулық сақтау саласында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі сарапшыларының біліктілігін көтеру, Қазақстанда израильдік сарапшылардың шеберлік-сабақтарын өткізу, қазақстандық университеттік клиникаларды израильдік компаниялардың басқаруына беру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.