• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді

271 рет
көрсетілді

16-17 наурызда «Алау» мұз сарайында кіші, орта және ересек жастағы жасөспірімдер арасында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Жарыстың ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв Дирекциясы. Чемпионат бағдарламасында 500 м, 1000 м, 1500 м және 3000 м қашықтықтар беріледі. Аталған қашықтықтарда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарының, Астана және Алматы қалаларының конькишілері күш сынасатын болады.