• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Мұнай бағасы әлі де айтарлықтай арзандауы мүмкін

151 рет
көрсетілді

Әлем бойынша мұнай нарығындағы ұсыныс сұраныстан әлдеқайда артық болып тұр. Гарвард университетінің профессоры, белгілі сарапшы Леонардо Моджеридің пікірінше, шикізат бағасы алдағы уақытта тағы да құлдырауы мүмкін. "Нарықта жақсы жаңалық күтуге әлі ерте. 2017 жылы сұраныстың көлемі рекордтық деңгейге көбеймесе, баға айтарлықтай төмендеуі мүмкін", - дейді сарапшы. Айта кетейік, өткен апта мұнай бағасы 9 пайызға дейін арзандады. Ертеректе инвесторлар АҚШ өндіріс көлемінің көбею мүмкіндігіне мән бермей, тек ОПЕК елдері өндірісінің азайту туралы келісімі аясында шешім қабылдаған. Л.Моджеридің пікірінше, ОПЕК келісімінің арқасында АҚШ мұнай нарығы пайдаға кенелді. ОПЕК келісімінің арқасында баға көтеріліп, нәтижесінде Америкадағы тақтатас мұнайының бағасы да өсті. Алайда, әлем бойынша АҚШ-тан басқа жерлерде де аталған келісімнен кейін іске қосылған жобалар бар екенін айтады сарапшы. Оның айтуынша, өткен жылдың қазан айынан бері әлем бойынша мұнай мен газ конденсаты өндірісі күрт көбейген.