• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Головкин Boxing News журналының мұқабасына шықты

173 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Boxing News журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Журналдың мұқабасында Головкиннің төрт чемпиондық белбеуімен түскен суреті бейнеленген. Журналдың бұл шығарылымы қазақстандық боксшы мен америкалық Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жекке арналып, "Storm warning" ("Дауылды ескерту") деген атаумен шыққан. Сонымен қатар шығарылымда бұл кездесудің GGG-ге неліктен қиынға соғатынын және Джейкобстың неліктен жеңімпаз атануы мүмкін екені жазылған. Бір айта кетерлігі, Boxing News журналы 1909 жылдан бастап шығады. Естеріңізге сала кетсек, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. Жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляция 19 наурыз күні 08:00-де басталады.