• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Конкурстық комиссияның отырысы болды

163 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның төрайымдығымен Республикалық конкурстық комиссияның мемлекеттік 6 жоғары оқу орнының ректорларын сайлау жөніндегі отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Олар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уни­вер­ситеті, Қарағанды мемлекет­тік индустриялық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мем­лекеттік технология және инжи­ниринг университеті, М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты және М.Х.Дулати атын­дағы Тараз мемлекеттік уни­вер­ситеті. Республикалық конкурстық комиссиясының қарауына осы 6 жоғары оқу орнының бай­қау­шылар кеңесі ұсынған, конкурсқа өтініш берген 45 адамның 11-і ұсынылды. Үміткерлермен әңгімелесу және олардың жоғары оқу орын­дарын дамыту жөнін­дегі бағ­дар­ламаларын талқылау қоры­тындысы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мем­ле­кеттік университетіне Бауыр­жан Ердембековті, Қараған­ды мемлекеттік ин­дус­триялық университетіне Бақыт Жәуті­ковті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситетіне Серік Өмір­баевты, Тараз мемлекеттік педаго­гикалық институтына Дария­күл Қожамжарованы ректор етіп тағайындау ұсынылды. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бойын­ша конкурс өтпеген болып саналды, Білім және ғылым министр­лігіне конкурсты қайта өткізу жөнінде ұсыныс айтылды. Ректорлардың сайлануы мен есептілігі қағидасының енгізілуі жоғары оқу орындарының ака­демиялық және басқару дербес­тігін кезең-кезеңмен ұлғайту ая­сын­дағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78-қадамына сәйкес келеді.