• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

АҚШ ФРЖ доллардың базалық мөлшерлемесін көтерді

194 рет
көрсетілді

АҚШ Федералды қор жүйесі (ФРЖ) екі күндік отырыс нәтижесінде доллардың базалық мөлшерлемесін 0,25 пайызға көтеріп, 0,75-1,00 пайыз аралығына жеткізді. Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында ФРЖ базалық мөлшерлемені 0,25-0,50 пайыздан 0,50-,075 пайызға көбейткен еді. Сол кезде 2017 жылы базалық мөлшерлеме екі немесе үш рет көтерілуі мүмкін екені айтылған. Комитеттің бұл шешімін инвесторлар бұрыннан күтіп отырған. Тіпті, ФРЖ бұндай қадамға жыл басында барады деген болжам болған еді. Дегенмен, Трамптың Ақ үйге келуімен АҚШ қаржы саясатының тұрақсыздануы ФРЖ басшылығын кідіре тұруға мәжбүр еткен. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, ФРЖ сарапшылары бір ауыздан осындай шешімді қабылдаған. ФРЖ-ның мұндай қадамға баруына бірінші себеп ретінде сарапшылар АҚШ-тағы инфляцияның көбеюін алға тартады. Өткен жылдың желтоқсанындағы жиында ФРЖ төрайымы Джаннет Йеллен бір жылда базалық мөлшерлеменің 3 рет қатарынан көтерілуі мүмкін екенін айтқан. 2017 жылы енді ФРЖ-ның тағы 6 жиыны болады. Олар 2−3 мамырда, 13−14 маусымда, 25−26 шілдеде, 19−20 қыркүйекте, 31 қазан-1 қарашада және 12−13 желтоқсанда.