• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Мәжіліс төрағасы Беларусь еліне ресми сапармен барды

64 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Беларусь Республикасына екі күндік жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. Межелі шаралар аясында Жеңіс монументі жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою жоспарланған. Сондай-ақ, Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасы басшысымен кездесу белгіленген.  Сапар барысында Мәжіліс спикері Беларусь мемлекеттік университеті ұжымымен және студенттерімен кездеседі деп күтілуде. Сонымен бірге, Минск көлік зауытына баруы жоспарланған.