• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған моделін сақтап қалу маңызды – Д. Ғалиева

109 рет
көрсетілді

«Қазақстан үшін зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған моделін сақтап қалу маңызды, себебі зейнетақы төлемдері көздерін әртараптандыру қағидаты Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қаржылық тұрғыдан орнықты болып қалуына мүмкіндік береді». ірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «Зейнетақы секторындағы ағымдағы ахуал және зейнетақы активтерін басқару туралы» таныстырылым барысында сөз сөйлеген Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Дина Ғалиева осылай дейді. Д. Ғалиеваның айтуынша, көптеген елдер зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған моделімен жұмыс істейді. «Бұл модель бір қатысушының кемшіліктерін басқаның артықшылықтары етуге мүмкіндік береді», – деді ол. Д. Ғалиева халықаралық стандарттарда зейнеткерлерге жұмыс өтілі кемінде 35 жыл болған және аударымдар жүйелі түрде жылына 12 рет жасалған кезде жоғалтқан жалақысының кемінде 40%-ы "алмастыру коэффициентімен" қамтамасыз етілетінін атап өтті. «Қазақстанда осы стандарттарға сәйкестік ортақ және базалық зейнетақыларды, БЖЗҚ-дан төленетін төлемді, 2023 жылдан бастап шартты-жинақтау құрауышынан төленетін төлемді және 2030 жылдан бастап бюджеттен кепілдік берілген ең төмен зейнетақыны қоса алғанда, әр түрлі қатысушылар тарапынан төленетін төлемдер есебінен қамтамасыз етіледі», деп түсіндірді Д. Ғалиева.