• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Сағынтаев жұмыс сапарымен ШҚО-ға барды

137 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz. Жұмыс сапары барысында Премьер-министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. Сонымен қатар, Б.Сағынтаев Халықаралық әуежай мен ТЭЦ-1 жылу қазандығының реконструкциялану барысымен танысады.