• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Apple-дің жаңартылған жүйесінде 187 мың қосымша істен шығады

183 рет
көрсетілді

Sensor Tower зерттеу компаниясының сарапшылары iOS 11 операциялық жүйесі шыққан кезде iPhone мен iPad-қа арналған 187 мың қосымшаның істен шығатынын айтты, деп жазады Mashable.

Бұған дейін Apple компаниясы жаңа нұсқада 32-битті қосымшадан бас тартатынын айтқан болатын. Sensor Tower мәліметінше, ондай бағдарламалар барлық AppStore-дің 8 пайызын қамтиды.

 Сарапшылардың айтуынша, Apple қосымша иелеріне міндетті түрде жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігін 2015 жылы ескерткен. Тіпті, iOS 10 бета-нұсқасында ескі бағдарламалар жаңа жүйеде жұмыс істей алмайтыны туралы хабарламалар да шығып тұрады. Бірақ, 187 мың қосымшаға қатысты еш шара қолданылмаған.

iOS 11 операциялық жүйесі Калифорнияда 5-9 маусым аралығында өтетін WWDC 2017 конференциясында таныстырылады.