• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Теңгенің бағамы тұрақталды

95 рет
көрсетілді

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, 16 наурыз күні 1 АҚШ доллары 317,99 теңгеге теңесті. Кеше АҚШ Федералды резерв жүйесінің доллардың базалық мөлшерлемесін 0,75-1,00 пайызға көтергеніне қарамастан, бүгін теңгенің бағамы кешегі күндізгі сессиядан 0,06-ға нығайған. Теңгенің бұлай көтерілгеніне мұнайдың қымбаттауы себеп болуы мүмкін. Астана уақытымен таңғы сағат 11:10-да Брент маркалы мұнай бағасы 52,12 долларға көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, өткен апта шикізат құны 51 доллардан төмен түсіп кеткен еді.