• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Астанада «Өз үйім» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

362 рет
көрсетілді

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады. Бұл туралы банктің ресми сайтының хабарланды. Атап айтқанда, елордада осы бағдарлама бойынша мына нысандарға өтінім қабылданады: Астана қ. «Комсомольский» тұрғын үй алқабы ауданында салынған үй-жайлар, паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй. Мекенжайы: Астана қ. Есіл ауданы, Комсомольский тұрғын үй  алқабы. Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2018 ж. 31.07. Тұрғын үйдің 1 шаршы.м. құны: «таза» әрлеумен 240 000 теңге. Жайлылық сыныбы: IV Пәтер саны: 445 1-бөлмелі пәтер түрі: 178 пәтер, ең үлкен аудан - 46,45 м2 2-бөлмелі пәтер түрі: 122пәтер, ең үлкен аудан - 66,77 м2 3-бөлмелі пәтер түрі: 139 пәтер, ең үлкен аудан - 86,1 м2 4-бөлмелі пәтер түрі: 6 пәтер, ең үлкен аудан - 101,2 м2 Қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі: 2017 жылғы «15» наурыздан 2017 жылғы «13» сәуірге дейін. Балл есептеу күні (кандидаттарды іріктеу) (Нысанды келіскен жағдайда): 2017 жылғы 14 сәуір. Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.  Өтініш тек банк салымшыларынан ғана қабылданады.