• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

АҚШ БҰҰ бағдарламаларын қаржыландыруды қысқартпақ

240 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департаментке БҰҰ бағдарламаларын қаржыландыруды қысқартуды тапсырды, деп жазады Foreign Policy. Басылымның хабарлауынша, 2018 жылға арналған мемлекеттік бюджет ұсынысында Мемлекеттік департаменттің, БҰҰ мен Халықаралық даму агенттігінің шетелдік бағдарламаларын қаржыландыру президенттің ұсынысымен 40 пайызға дейін қысқартылған.

Сарапшылар бұл шешім халықаралық қатынастарға біршама әсер ететінін айтуда. Мысалы, БҰҰ босқындар ісі бойынша агенттік өз бюджетінің 40 пайызға жуығын АҚШ-тан алады. Бір айта кетерлігі, халықаралық ұйымдар қаржысының 22 пайызы АҚШ жарнасын құрайды.