• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Қазақстан экономикалық өсу үшін ашық диалогты таңдайды - Сүлейменов

277 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Алматыда Summit CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING EVENT қаржылық блогының топ-менеджерлер саммитінің жұмысына қатысты. Өз сөзінде министр Қазақстанның экономикалық даму аспектілерін айтып өтті, деп жазады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. «Көптеген елдер протекционистік әкімшілік шаралар арқылы  экономикалық саясаттың басымдықтарын қайта қарауда және ішкі нарықты қорғауға тырысады, аталған бұл шаралар тек бағалардың өсуін тоқтатады, одан әрі шеттетуге жағдай жасайды» деді Сүлейменов. «Қазақстан керісінше экономикалық өсімді ынталандыру үшін ашық диалогты және либералдық тәсілді таңдайды. Біздің макросаясаттың негізгі екпіні салауатты бәсекелестік, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ экономика салаларының терең технологиялық жаңғыртуды дамытуға негізделген жаңа өсу моделіне көшу» - деді министр. «Өткен жылы біздің өсу драйверіміз ішкі және сыртқы инвестициялар болды. Неғұрлым тұрақты және әртараптандырылған өсім үшін біздің экспорттың сандық және сапалық өсуі қажет. Осыған байланысты біз Қазақстанның біріңғай экспорттық стратегия дайындалатын болады» - деді Сүлейменов. Ол сондай-ақ, салық заңнамасы жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуіне, экономиканың жаңа секторларын қолдауға, жер қойнауын пайдалануға жаңа инвестиция тартуға, салықтық жеңілдіктерді оңтайландыруға, салықтық әкімшілендіруді одан әрі оңайлатуға бағытталатынын айтты. «Экономикада ШОБ үлесін арттыру мақсатында  БЖК-2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жалғасатын болады. Мұнда бюджеттік қаражаттардан басқа халықаралық қаржылық ұйымдардың несиелік желілері тартылатынын атап өту керек» - деді Сүлейменов. Министр, сонымен қатар, 2016 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 1% құрағанын еске салды. «2017 жылы біздің болжам бойынша, экономика секторларының өсу қарқынын бірқалыпты қалыпқа келмек. Оған себеп сыртқы жағдайлардың тұрақтануы және тұтынушылық белсенділіктің жандануы. Жалпы, 2017 жылы экономика өсімі 2%-дан артуын күтеміз» - деп қорытындылады Сүлейменов.