• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Түймебаев Қазақстанды әлемге кино арқылы таныту керектігін айтты

382 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі кинорежиссерларымен мен анимация саласы мамандарымен кездесіп, «Ерлік» толықметражды фильмінің премьерасына қатысты, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жүздесуде Шымкентте кино мен анимация саласының дамыту жолдары талқыланып, алдағы жоспарлары айтылды. Айта кетейік, елімізде кино индустриясы бойынша Оңтүстік Қазақстан екінші орында болса, анимациялық фильмдер түсіруден көш басында. Биыл қыркүйек айында Түркістан қаласында Түркі әлемінің «Алтын сақа» анимациялық фильмінің фестивалі өтеді. Аталған фестивальде аниматорлар түркі әлеміне ортақ әзілдерімен танылған Қожа Насырдың образы ұсынылады. Бүгінде облыстағы жеке киностудиялардың 40-тан аса кино туындысы мен 51 анимациялық фильмі көрерменге жол тартқан. Шығармашылық өкілдерімен болған отырыста сөз бастаған өңір басшысы соңғы жылдары елімізде киноға  және оның сапасына жақсы көңіл бөлініп келе жатқанын айтты. «Шымкент қаласында кино және анимация саласы қарқынды дамып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында биыл қомақты қаржы бөлінуде. Сапалы әрі тәрбиелік мағынасы жоғары сценарий мен кәсіби режиссер сапалы фильмнің кепілі. Сондықтан біз білікті кадрлар дайындау жұмыстарын қолға алуымыз қажет. Сонымен қатар, оңтүстіктегі кино студияларды біріктіріп, ортақ құнды дүние жасап шығаруды ұсынамын. Бұл қазақ кино индустриясының дамуына септігін тигізіп, республика көлемінде оңтүстіктің атын шығаруға, халықаралық деңгейде Қазақстанды танытуға мүмкіндік береді»,-деді әкім. Жиында кино саласының үздіктері де өз ойларын ортаға салды. Бүгінде елімізде отандық киноны дамытуға мемлекеттен қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтты. Түймебаевтың өңірде осы саланы дамытуды қолға алып, кинорежиссерларымен кездесіп отырған алғашқы әкім екенін жеткізді. «Сізбен өткен кездесу шығармашылық ұжым жұмысына, жаңа идеялардың тууына серпін береді. Біздің проблемаларымызбен танысып, қазақ кино индустриясының дамуы жайында айтқан ой-пікіріңіз біз үшін маңызды»,- деді «Сақ» киностудиясының директоры, режиссер Нуриддин Паттеев. Кездесу соңында «Шымкент Плаза» ойын-сауық сауда орталығының кинозалында облыс әкімдігінің тапсырысымен түсірілген «Ерлік» толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Батырхан Дәуренбеков сценариі бойынша режиссер Нуриддин Паттеевтің түсірген фильм жастардың патриоттық сезімін тереңдетуді мақсат етеді.