• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Қазақстанда жекпе-жек өткізгім келеді – Жақиянов

190 рет
көрсетілді

WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов Астанада жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлады vesti.kz. «EXPO кезінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығуым жөнінде келіссөздер өтіп жатыр. Егер бәрі оңынан шешілсе, өз елімде белбеуімді қорғағым келеді», – деді Жанат Жақиянов. Жақиянов АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренді жеңіп, елге оралғаннан кейін Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтқан болатын. Ал еліміздің кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Уорренмен реванш өткізсе, EXPO-2017 көрмесінің сәнін кіргізетінін мәлімдеді. Осыған дейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтетін EXPO кезінде бокс кеші ұйымдастырылатынын растаған болатын. Айта кетейік, бүгін Жанаттың IBO титулынан айырылғаны хабарланды. Алайда, боксшы артық шығындалмауды жөн көргендіктен өз еркімен бұл белбеуден бас тартқанын мәлімдеді.