Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.
– Көп жылдан бері Қазақстан Америка Құрама Штаттарының стратегиялық серіктесі болып табылады. Біз өткен жылы республиканың ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қолдау көрсеттік және сіздердің елдеріңіздің ИЫҰ-ға төрағалығын да қолдаймыз. Қазақстан – біз үшін өте маңызды серіктес. Халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша, оның ішінде лаңкестікке және таратпауға қарсы іс-қимылдар туралы біздің пікірлеріміз бен мүдделеріміз ұқсас, – деді Дж.Ордвей Президентпен кездесуден кейін, журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.