• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

Білім алу құқығы қозғалды

869 рет
көрсетілді

Бүгінгі дәуірде жүзден жүйрік, мың­нан тұлпар шы­ғудың жолы білім мен білікте қалды. Сонау ғасырларда «Мен – білім десе, таңдайы кепкен саяхатшы секілдімін» депті Әл-Хорезми. Шы­нын­да, еліміздегі білім алу дең­гейі қазір жоғары деуге бо­лады. Бүгінде Қазақ елін­де 6-дан 24 жасқа дейінгі аза­мат­тар­дың 75,3 пайызы білім беру бағ­дарламаларымен қамтылған, сауатты тұр­ғын­дар 99,6 пайызды құрайды. 4,3 миллион адам білім алу үстінде. Білім және ғылым саласында 411 мың педагог пен ғалымдар жұмыс істейді десек, ол осы салада 30 пай­ызды қамтиды. Осындай жетістіктерімізбен танысу үшін арнайы келген Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның білім алу құқығы жө­нін­дегі арнаулы баянда­ма­шы­сы Кишор Сингх пен Білім және ғылым министрі Ба­қыт­жан Жұмағұловтың кез­десуі бол­ды. Өз кезегінде отандық министр еліміздегі білім беру саласы, ғылыми ұйымдар, ел дамуы, ел астанасы туралы қонақты жан-жақты хабардар етті. Сапардың мақса­ты­на келер болсақ, халық­ара­лық міндеттемелерге сәйкес Қазақстандағы білім алу құ­қы­ғын қамтамасыз етудің жай-күйін бағалау көрінеді. Сапар қорытындысы бойын­ша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі есеп берілмекші. К.Сингх Астана, Алматы қалалары­ның білім беру ұй­ымдарымен танысып шық­пақ. Біздің еліміз негізгі ха­лық­­аралық құқық қорғау шарт­тарының қа­тысушысы болып табылады. Сон­дық­тан да мемлекет жан-жақты білім беру мақсатында қолда бар ресурс­тар ая­сын­да әкім­шілік, сот­тық, заңдылық іс-ша­ра­ларды жүзеге асыруға міндеттеніп отыр. Отаны­мыз­дың білім беруді да­мы­тудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламасында ақылы білім беру жүйесінің мемлекеттік жи­нақ­таушы құрылы­мы ар­қы­лы халық­тың қол жетімділігін қамтамасыз ету қа­рас­тырылған. Соның орай­ын­да Қа­зақ­станның әрбір азама­ты­на болашақта өз баласын жо­ғары оқу орындарында, кол­ледждерде оқытуға қара­жат жинақ­тау мүмкіндігі жан-жақты ойлас­ты­рыл­ған. Тәуелсіздік алған жыл­дар­дан бері білім алу сала­сы­на, әсіресе балалардың құ­қығын қорғау мәселесіне Елбасы тікелей мән беріп отыр­ғаны мәлім. Қар­жы бө­лу жағы да жыл сайын еселеп артуда. Осындай оң қадам­дармен таныс­қан К.Сингх еліміздегі аталмыш салаға оң баға берді. Сапар шеңберінде ол «Назарбаев университетінде», Л.Н.Гу­милев атындағы білім ор­дасында болады. Сүлеймен МӘМЕТ.