• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

Бала қуанышы бәрінен қымбат

638 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда республикада 13 мың қолайсыз отбасында 20 мың бала өсіп жатса, мұнайлы облыс­­та 720 бала осылай «бағаланған» 376 шаңырақта тәрбие алуда. Аты­рау облыстық кәмелетке тол­ма­ған­дар­­ды бейімдеу орталығына жыл ба­сы­нан бері 228 жасөспірім қабыл­да­нып, оның 178-і отбасына қайта­рылған. 2011 жылдан бастап жетім балаларды асырап-баққаны үшін 22 мыңнан астам қамқор­шыға ай сайын он айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төленетін болса, Атырау облысы­нан отба­сы­лы болып, шаңырақ жылуына ие болған 751 баланы асырап-бағуға 103 млн.теңгедей бөлінген. Тағы бір ауыз толтырып айтар жай: «Қу­ан, сәби», «Әр ба­лаға – отба­сы­ның бақыты» сынды шаралардың нәтижесінде арнайы ұйымдардағы 23 тәрбиеленуші жаз­ғы каникулды туған-туыс­та­рының үйінде өткізді. 11 отбасы осы санаттағы бала­лар­ды алуға ниет білдіріп отыр. Атырауға келген сапарында Бі­лім және ғылым министрлігі бала­лардың құқын қорғау комитеті төр­айымының орынбасары Б.Әлі­баева келтірген мына бір дерек ойландырмай қоймайды. «Сандж» орталығының зерттеуінше, ата-ана­лардың 20 пайызға жуы­ғы ба­ла­ларына 4 сағат, 22 пайызы бар-жоғы 2 сағат арнайды екен. Демек, баланың әке-шеше­сінің тәрбие про­цесіне белсене қатысуын қам­та­масыз ету кезек күттірмей қол­ға алатын істің бірі болуы тиіс. Қ.ҚУАТОВА. Атырау облысы.