• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

Ынтымақтастыққа ынталылық көрінісі

377 рет
көрсетілді

Кеше Астанада еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қа­зыхановтың ГФР Бундес­та­гы­ның депутаты, ХДО/ХСО (ХДС/ХСС) сыртқы саясат жөнін­дегі фракциясының төрағасы Филлип Мисфельдермен кездесуі болып өтті. Кездесуде жақында Е.Қазы­ха­нов­тың Германияға жасаған сапа­рында сол елдегі әріптесі Гидо Вес­тервеллемен және  саяси қай­рат­кер Хенрик Геншермен жүз­де­сулері барысында қозғалған екі­жақ­ты және ха­лық­аралық мәселе­лер барысын талқылау жалғасын тапты. Еліміз сыртқы саясат ве­домствосының басшысы өз сөзінде Астана Берлинді Еуропадағы негізгі саяси және экономикалық әріп­тесі санайтындығын, сондық­тан да барлық сала мен  деңгейдегі үнқатысуды дамытуға мүдделі екендігін жеткізді. Осы ретте министр екі ел ара­сында айтарлықтай келісімдік-құқықтық база (ме­ке­ме­ара­лық, үкіметаралық және мем­лекетаралық деңгейлердегі 50-ге тарта құжат) қалыптасқандығын ерекше атап өтті. Бундестаг депутаты екі ел арасында барлық сала бойынша өзара ықпал­дас­тық­қа мүдделілік бар екендігін алға тарт­ты. Қазіргі таңда сыртқы саясат пен қауіп­­сіздік, энергетика мен технология, сауда мен инвестиция, ғы­лым, білім беру және мәдени салаларда бірқатар байла­ныс­тар ор­на­тылған. Ал арадағы «бай­ла­ныстырушы кө­пір» Қазақ­стан­ның эт­ностық немістері болып табылатындығы да назардан тыс қал­ған жоқ. Қазақ­стан – Герма­ния­ның Орталық Азия­дағы басты әріптесі.  Осы елдің бундесканцлері А.Мер­кель Астанаға екі рет келіп кетті. Сон­дай-ақ, Германия мен Қазақстан арасында мәдени-гуманитарлық ын­ты­мақ­тастықты арт­тыруда үл­кен әлеует бар. Білім саласы бой­ын­ша герма­ния­лық тарап Қа­зақ­станның «Болон процесіне» ин­те­грациялануына қолдау көрсетіп, кон­сультация­лық көмек те берген болатын. Бұқаралық ақпарат құрал­да­ры­на берген сұхбатында Ф.Мисфельдер орайы келгенде Германияның ша­ғын және орта бизнесі Кеден ода­ғы­ның маңызын түсінгенде ғана өз қар­жыларын құюға мүд­де­лі бола­ры­нан хабардар етті. Жалпы, не­міс кәсіп­орын­дары өз өнімдерін Қазақстан ішіне ғана емес, Еуро­палық Одаққа, соның ішінде Ресей мен Белоруссияға да шығаруға мүдделілік таны­тып келеді. Жақын болашақта солай бо­ла­рына да сенемін, деді Бундестаг депутаты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.