• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2011

Жәрмеңке жақсылығы

462 рет
көрсетілді

Әдемі көңіл-күйді кейде базар нарқы бұзатыны бар ғой. Самсаған азық-түлікке қалтаңдағы қаржың же­тіңкіремесе қор­лық деген сол. Бірақ, жетісулық өнді­ріс­тік кооперативтер мен шаруа қожалық­та­ры­ның ұжымдары барын шаһар тұ­ты­ну­шыларымен бөлісуді жыл сайын әдетке айналдырып, көмектерін аямауда. Ағым­дағы жылы да Алматы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларында алғашқы ауыл ша­руа­шылығы тауарларының жәр­мең­кесі жалғасын тапты. Алматылықтар Жам­был, Еңбекшіқазақ, Іле, Қа­расай, Рай­ымбек, Талғар, Ұйғыр аудан­да­рына белгіленген орын­дар­да­ғы сөре­лерде төрт түлік­тің еті мен майына, сүт, көкөніс және басқа да азық-түлікке толтырды. Осы күнгі жәр­меңкеде азық-түліктің отыздан астам түр­лері саудаланып, 11075,6 мың теңгенің өнім­дері сатылды. Осын­дай сауда Қап­ша­ғайда да жалғасты. Текелі шаһарындағы қайта өңдеу кә­сіп­орындары мен қала аума­ғын­да­ғы көк­өніс өсіретін ауылша­руа­шы­лық құры­лым­дары, жеке шаруа қо­жалықтары тұ­тынушы талғамынан шыға білді. Қысқа тосап дай­ын­дай­тын­дар базар бағасынан арзан көк­өністі арқалап жатты. Осы­лайша атал­ған қалаларда өткен алғашқы күзгі жәрмеңке жоғары деңгейде ұйым­дастырылғанына көз жетті. Облыс әкімдігі, облыстық ауыл ша­руашылығы, өнеркәсіп және кә­сіп­­керлік салаларының басшылары мен аудан әкімдері жәрмеңкелердегі ба­ға­ның, сауда мәдениеті мен өнім сапасын қада­ғалап, халықтың сұранысын зерттеді. Базар сөрелерінде ет, балық, шұ­жық, бал мен сүт тағамдары және жеміс-жидек пен көкөніс түрлері көп болды. Әсіресе, картоп пен пияз 40-45 теңгеден, сәбіз 45-50 теңге­ден, қырыққабат 25-тен, қызанақ пен тәтті бұрыштың әр килосы 40 тең­геден болды. Үштөбе қала­сын­да­ғы «Үштөбе-Айдын» ЖШС сары май, сүзбе, кілегей, айран, ал «Үш­төбе-Мираж» се­рік­тестігінің шұжық түрлеріне тұтыну­шылар өз баға­ла­рын беріп, сұраныс арт­ты. Ал, Панфилов, Сарқан, Ескелді аудан­дары­ның ауылдық округтері алма, ал­мұрт, жүзімнің түр-түрін жайып салды. Осы күні талдық­ор­ған­дықтарға 9542,4 мың теңгенің саудасы жасалғаны белгілі болды. Енді әр сенбідегі жәрмеңкені халық асыға күтеді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.