• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2011

Қоғамдық комитет құрылды

331 рет
көрсетілді

Кеше Астанада «Ақ жол» партиясының бастама­сы­мен Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын лайықты деңгей­де атап өту жөнінде рес­пуб­ликалық Қоғамдық комитет құрылды. Бұл туралы ұсы­ныс­­­ты өткен аптада «Ақ жол» ҚДП төралқасының оты­ры­сында партия төрағасы Аз­ат Перуашев айтқан бола­­тын, деп хабарлады «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі. Мемлекеттік тіл мәртебесі туралы ой-пікір соңғы кезде еліміздің бірқатар азаматтары­ның мемлекеттілікті қазақ та­ри­хынан бөлек алып қарай­ты­нын байқатты. Өкінішке қарай, бәзбіреулер Қазақстан тәуел­сіз­дігін қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасқан күресінің нә­ти­жесі емес, бір сәттік тағдыр­дың тартуы деп қабылдайтын сияқты. Шындығына келгенде, тәуелсіздікке қол жеткізу жо­лында қаншама батыл қадам­дар жасалып, талай жан құрбан болды. Осы жолда ондаған жыл­дарға созылған күрес пен көтерілістер аз болған жоқ. Со­лардың бірегейі мен қорытын­ды­сы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі деп тануымыз қажет. – Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы, ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздіктің 20 жылды­ғына арналған мерекелік шара­ларды атап өтумен қатар, ел егемендігі үшін қасық қаны қал­ғанша күрескен азаматтарға және сол уақтағы тарихи ма­ңы­зы зор оқиғаларға құрмет көр­сетуіміз керек. Ең алдымен, бұл бағытта біздің замандаст­а­рымыз, 1986 жылғы қазақ жас­тарының көтерілісіне қатысу­шы бозбала мен бойжет­кен­де­ріміздің алдында бас июіміз қажет, – деп атап өтті Азат Перуашев. Бүгінгі таңда Желтоқсан кө­терілісіне жан-жақты тарихи және саяси баға берілуі керек. Осы бағытта Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлт тарихын бүгінгі және кейінгі ұрпаққа шынайы түрде жеткізу үшін нақты іске кірісіп отыр. Атап айту керек, Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын лай­­ықты деңгейде атап өту жөнін­дегі республикалық Қоғамдық комитет – партиядан бөлек ұйым. «Ақ жол» демократия­лық пар­тиясы тек бұл комитетті құруға ұйытқы болды және алдағы күні осы комитеттің сәт­ті қыз­мет етуі үшін барын­ша қолдау көрсетеді. Отырыс барысында коми­тет­тің жұмыс жоспары жаса­лып, тың ұсыныстар тыңдалды. Бұл ұсыныстардың барлығы жа­қын күндері жинақталып, комитет атынан ортақ үндеу ретінде қоғам назарына ұсыны­ла­тын болды. Қоғамдық комитеттің ұй­ым­дастырушылық отырысына елімізге аты мәлім азаматтар Са­быр Қасымов – қоғам қайрат­ке­рі, Амангелді Айталы – қоғам қайраткері, Сұлтанхан Аққұл­ұлы – алаштанушы, «Азаттық» радиосының редакторы, Мәм­бет Қойгелдиев – Қазақстан та­рихшылары қоғамының президенті, Бейбіт Қойшыбаев – «Әділет» тарихи-ағарту орта­лы­ғының жетекшісі, Дос Кө­шім – «Ұлт тағдыры» қозға­лы­сының жетекшісі, саясаттану­шы, Бейсенғазы Нүкен – «Жел­тоқсан ақиқаты» қозғалысының жетекшісі, Айдос Сарым – қоғам қайраткері, Дәурен Ба­ба­мұратов – «Болашақ» жастар қоғамының төрағасы, Талғат Абдыжапаров – Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы төр­ағасының орынбасары, Алмас Тұртаев – «Ақ жол» ҚДП-ның Қызылорда облыстық филиа­лы­ның төрағасы, Еркебұлан Ілия­сов – кәсіпкер атсалысты. Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын лайықты түрде атап өту Қоғамдық комитеті мұны­мен толықтай қамтылып, құры­лып бітті деуге болмайды. Яғни, аталған ұсынысты қол­дай­тын кез келген бірлестіктер мен ел азаматтары комитет жұ­мысына атсалыса алады. Қоғамдық комитет отыры­сы­ның қорытындысында оның төрағасы болып, белгілі жазу­шы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай тағайындалды.