• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Трамвай соғып, бағанаға жаншыған көлік жүргізушісі аман қалды (видео)

133 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Өскемендегі Әкімшілік полиция басқармасына жақын маңдағы Машзауыт ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Тәуелсіздік даңғылынан Защита ауданына қарай бұрылған Тойота көлігі трамвай көлігінің рельсті сорабын кесіп өтпек болғанында бір бүйірден тежегішін басып үлгермеген трамвай келіп соғып, жеңіл көлікті қарсыдағы бағанамен араға кептеп тастады. – Трамвай жарамсыз болып қалғандықтан оны рельске қойып, Защитадағы трамвай паркіне сүйреп апарамыз, дейді парк директоры Анатолий Успенский. Оқиға салдарынан "№3" трамвай бағыты уақытша тоқтатылды. Куәгерлердің айтуынша, "Тойота" көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Алайда оны көлікті кесіп шығарып алуға тура келген. [video width="560" height="315" mp4="https://egemen.kz/wp-content/uploads/2016/11/VID-20161124-WA0012.mp4"][/video]   [video width="560" height="315" mp4="https://egemen.kz/wp-content/uploads/2016/11/VID-20161124-WA0004.mp4"][/video] Думан Анаш, "Егемен Қазақстан" Өскемен.