• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Ресейде 28 панфиловшыларды еске алды

182 рет
көрсетілді

Қазақстандық дипломаттар мен студенттер Волоколамск қаласында Мәскеу түбіндегі шайқастың 75-жылдығын еске алу шараларына қатысты. Митингті Ресейдегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Волоколамск әкімшілігі ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Ресейдегі ҚР елшілігінің әскери атташесі Арнат Байжанов соғысқа 1,3 миллион қазақстандық азаматтардың қатысып, олардың 600 мыңы елге оралғанын айтты. "1941 жылы Нелидовода неміс әскері мен біздің отандастарымыз, генерал Панфилов бастаған 316 атқыштар дивизиясы арасында шайқас болды. Бұл шайқас та, біздің ерлеріміз де тарихта қалды. Бүгін біз осында жиналып, панфиловшыларды еске алып, оларға арнап 28 шырша отырғыздық", - деді Байжанов. Ресейлік шенеуніктер мен оқушылар, қазақстандық дипломаттар мен студенттер Иван Панфилов пен Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне, Дубосековода орналасқан "28 ерлігіне" атты мемориалды ансамбльге гүл шоқтарын қойды. Іс-шара соңында панфиловшылардың ерлігіне 75 жыл толуына орай ағаштар отырғызылды.