• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Елордада көлік қозғалысы шектеледі

194 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 22:00-де «Астана Арена» алаңында «Астана» (Қазақстан) мен АПОЭЛ (Кипр) арасында футбол матчы өтеді. Осыған орай сағат 20.00-де Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Тыйым матч аяқталғанға дейін созылады. Жүргізушілер Мәңгілік ел көшесімен айналып өте алады. Астана ІІД жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын сұрайды. Астана халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынды. Жанкүйерлерді жинау мен жеткізу арнайы рейстермен бес пункттен мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 1) «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі); 2) «Әзірет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаев даңғылы); 3) «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы ); 4) Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын шоссесі көлік тұрағы); 5) Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі). Астана ІІД жергілікті полиция қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарына жаппай іс-шара барысында тәртіп пен тазалық сақтауға кеңес берді.