• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Отырар ауданы 10 айда 11 млрд теңгенің өнімін өндірді

138 рет
көрсетілді

Отырар ауданы он айда 11 млрд. 522 млн. 700 мың теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Айтаханов «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының Саяси кеңес бюросындағы мәжілісте хабарлады. «Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, жаңадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу жылыжай, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 млрд 539 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 179 млн теңгеге өскен. Ал игерілген суармалы жердің көлемі 24 мың 338 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 мың 700 гектарға артқан. Бүгінгі таңға дәндік жүгеріден 27 677,5 тонна, көкөністен 9 610,5 тонна, бақшадан 110 428 тонна, картоптан 2009,2 тонна өнім жиналды»,-деді Е.Айтаханов. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.