• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Елбасы: Астанаға атымды беру туралы айтқан емеспін (видео)

151 рет
көрсетілді

Бүгін Ақордада жаңғырту жөнінде кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» атауын беру туралы бастамасына қатысты пікір  білдірді. «Бірдеңе болса, соған «нұр», «нұрлы» деген сөзді қосады. Соның бәрі менің жеке басыма байланысты деп ойлайды. Бұл тақырып туралы айтып жүргеніме көп болды.  Бүкіл жерге «нұр», «нұрлы» деп жазсын деген тапсырманы мен берді деп ойлайтын шығар. Кеше ғана Парламент тіпті Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған емеспін және ол туралы тіпті айтқан емеспін», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Елбасы: «25 жылдыққа орай барлығы сөз сөйлеп, біздің жетістіктеріміз жайында айтуда. Шындығында да мақтанарлық жайттар бар. Біз көп іс атқардық. Егер сіздер жанымда болмағанда жалғыз өзім ештеңе де істей алмас едім. 25 жыл бойы жақтастар іріктеп алуда жолым болды. Олар өз істерін жасады. Мен сіздерді команда деп есептеймін. Сондықтан да жетістіктер бар. Жалғыз адам ештеңе де жасай алмайды. Мен барлықтарыңызға, біздің  Парламентімізге, депуттарымызға кешегі декларациялары үшін ризашылығымды білдіремін"- атап өтті.   Естеріңізге сала кетейік, кеше  Қуаныш Сұлтанов бастаған бір топ депутаттар Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деген ат беру туралы бастама көтерген болатын.