• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Полиция халықтың сеніміне ие болуы керек - Н.Назарбаев

260 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөнінде өткен кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау барысында конкурстық рәсімдерді қолдану қажеттігін айтты. – Полицияның елімізде қалыптасқан келбеті өзгеруге тиіс. Қызметкерлер азаматтардың сеніміне ие болып, олардың қызметі ең алдымен халыққа көмек көрсетуге бағытталуға тиіс, – деді Елбасы. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметінің құзыретін белгілеп, олардың есептілігіне қатысты еліміздің құқық қорғау органдарын жаңғырту мәселелерін қосымша тағы пысықтауды тапсырды.
Соңғы жаңалықтар