Бүгін Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың басшылығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Тәуелсіздіктің 25 жылында елімізге 983 мың 733 азамат тұрақты тұруға келгенін, бұл дерек Мемлекет басшысының парасатты басшылығы арқасында өсіп-өркендеген еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, орнықты дамуын, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың берік орнағанын куәландыратынын атап өтті.
Жиында белгілі болғандай, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көптеген адамдарға Қазақстан азаматтығы берілмек. Нақтылай айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шетелдерден келген түрлі ұлттың 622 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.
Жолдыбай БАЗАРОВ,
"Егемен Қазақстан".