20-23 қараша аралығында Алматыда 123 мың текше метр қар шығарылып, 70 км жол тазаланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Салыстырмалы түрде айтсам, 123 мың текше метр қар - шамамен 2275 темір жол вагоны, ал 70 километр жол - Алматы мен Қапшағайдың арасындағы қашықтық секілді. Барлығы 300 км болатын негізгі 50 көшелер тазаланды", - делінген хабарламада.