• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2016

Түркістанда 10 коммуналдық нысан іске қосылды

243 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында Түркістандағы бірқатар елді мекендер мен шағын аудан тұрғындары ауыз су және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Тұрғындар алдында сөз алған шаһар басшысы қалада жасалған жұмыстардың барлығы да Елбасымыз Н.Назарбаевтың еліне деген қамқорлығы мен салиқалы саясатының арқасында екенін айтты. Бұл күні Түркістанда бес нысанда ауыз су құбырлары және қаланың ұлғаюына байланысты жаңа тұрғын үйлерге сапалы электр қуатын тарату үшін бес аймақта электр желілері іске қосылды. Бұл нысандардың жалпы құны 4 млрд. 904 млн. теңгені құрап отыр. Соның ішінде ауыз суға 3 млрд. 438 млн. және электр желілерін орнатуға 1 млрд. 465 млн. теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша, іске қосылған нысандардың есебінен Түркістан қаласы аумағында тұрғындарды ауыз сумен қамту 90 пайызға жетіп, биыл 15 мыңнан астам абонент таза су тұтынуға қол жеткізіп отыр. Ал 2016 жылы қала аумағындағы 5 мыңнан астам абонент сапалы электр қуатымен қамтылды. Осылайша жалғасын тапқан Түркістандағы коммуналдық қызмет сапасының арта түскеніне куә болып отырған «Бекзат» мөлтек ауданының тұрғыны Әбдіғали Сандыбай өңірлерде мемлекет басшысының пәрменімен жүргізіліп жатқан жұмыстарға жүрек жарды қуанышын жеткізіп, жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге ауыз су, электр қуаты және жол салынғанын нағыз өркениетті елдің жұмысы деп бағалады. Айта кетерлігі, Түркістандағы Тәуелсіздікке тарту ретіндегі игілікті шаралар тек мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы күндерде шалғай ауылдардағы өзен көпірлері, көшелерді жарықтандыру секілді коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытында түрлі ел қажетіне жарайтын нысандар саны арта түспек.