• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Шағын кәсіпкерлікті қолдау арта түседі

189 рет
көрсетілді

Кеше Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде ШОБ-ты мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылаған отырыс болды. Оған Ұлттық экономика және басқа да мемлекеттік органдар басшылары қатысты. Отырысты комитет төрағасы Асқар Бей­сенбаев ашып, жүргізіп отырды. Өз сөзінде ол Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2050 жылға дейін ша­ғын және орта бизнес шығаратын өнімдер мен атқаратын қызметтер үлесі ІЖӨ-нің 50 пайызы көлеміне жетуі керек деген міндет қойғанын еске салды. Парламент тарапынан шағын және орта бизнестерді қолдайтын іскерлік ахуал тудыру үшін әзірленген заңнамалар жетілдіріліп, көптеген әкімшілік кедер­гі­лер жойылғанын айтты. Алайда әлі күнге ШОБ ІЖӨ-дегі үлесі бізде 25,6 пайыздан аспай отыр, ал дамыған шет елдерде ол 40-тан 90 пайызға дейін жеткен, деді А.Бейсенбаев. ШОБ-ты мемлекеттік тұрғыдан қол­дау жөніндегі Үкіметтің жасап жатқан іс­те­рі туралы Ұлттық экономика вице-ми­нистрі Айдар Әріпханов баяндады. Оның айтуына қарағанда, Қазақстанда қазір 3,1 млн адамды қамтыған 1 240 916 ШОБ субъектілері бар екен. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында олар 6,4 трлн теңгенің өнімін шығарған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 11,0 %-ға артық. Отырыста Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, «Атамекен» Ұлттық кә­сіпкерлер палатасы төрағасының орын­басары Төлеміс Шотанов және т.б. сөй­леп, өз салаларында осы бағыт­та ат­қарылып жатқан жұмыстар тура­лы бая­ндады. Баяндамаларды талқылау­ға се­наторлар Сәрсенбай Еңсегенов, Нұрлан Қылышбаев, Талғатбек Абай­діл­дин, Бақтыбай Шелпеков, Асхат Кү­зеков және т.б. қатысты. Отырыс қо­рытындысы бойынша ша­ғын және орта биз­несті қолдаудың ма­­ңыздылығы айтылып, Үкіметке ұсыныстар әзір­ленді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»