• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Серпінді жұмыс стратегиялық серіктестіктен басталады

250 рет
көрсетілді

Кеше Назарбаев Университетте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың, отандық және шетелдік медициналық ЖОО басшыларының қатысуымен «Жетекші шетелдік университеттері мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңінің қорытындылары» туралы конференция болып өтті. Конференцияда сөз сөй­ле­ген Тамара Дүйсенова меди­ци­на­лық білімді одан әрі жетіл­діру клиникалық тәжірибе, меди­ци­на­лық білім мен ғылыми қызметтің негізінде отандық медициналық ЖОО-ның әлеуетін нығайтуды қарас­тыратынын атап өтті. Меди­циналық кадрларды даярлау сала­сында үздік халықаралық тәжі­рибені енгізу қазақстандық медицина университеттерінің шетелдік ЖОО-мен стратегиялық байланысы негізінде жүзеге асырылады. Бұл ішкі және сыртқы нарықта отандық медициналық ЖОО-ның позицияларын нығай­туға, білім үрдісінің сапасын қам­та­масыз етуге, ғылыми-зерттеу және оқу-ме­то­дикалық қызметті дамытуға мүм­кіндік береді. «Стратегиялық әріптестіктің бірінші кезеңінде ағымдағы жылы әрбір медициналық ЖОО стра­тегиялық серіктестігін анықтап, келіссөздер жүргізді, мемо­ран­думдарға және келісімдерге қол қойды, ЖОО-ның қазіргі жағ­дай­ларының басым бағыттары бойынша стратегиялық серіктестермен бірлесе талдау жүргізген, жақсарту бойынша ұсыныстар берілген. Стратегиялық серіктестікті іске асыру бойынша негізгі шаралар 2017-2019 жылдарда, Дүниежүзілік даму банкі және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қоса қаржыландыратын жобалар аясында жүзеге асыры лады», – деді Тамара Дүйсенова. Конференция барысында С.Ж.Ас­фендияров атындағы Қазақ ұлт­тық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс Қазақстан Мемлекеттік меди­­циналық университеті және К. Ма­р­цинков атындағы Познан меди­циналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша), Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және Лунд университеті (Швеция), Се­мей қаласының мемлекеттік медицина университеті және Сент-Луис университеті (АҚШ), Астана медицина университеті және Ла Са­пиенца университеттерінің (Италия) стратегиялық әріптестіктің 2016 жылғы жұмысын қорытындылады. 2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктес­тік­терінің мақсаттары мен міндет­тері, сонымен қатар Қазақ­стан­­дағы медициналық білімді рефор­­ма­лаудың негізгі кезеңдері талқы­ланды. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»