• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

25 қарашаға арналған ауа райы

153 рет
көрсетілді

Бүгін Республикамыздың солтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерінде  тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с  күшейеді. Павлодар  облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті жел соғады, 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде  жел 15-22 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-22 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.