«Олимпиакос» пен «Янг Бойз» Еуропа лигасының 5-топтық кезеңінде тең ойнап, «Астана» командасының топтан шығу мүмкіндігін жойды.
Пирейдегі «Караискакис» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды7 Осылайша «В» тобында 5 ойыннан кейінгі көрсеткіш мынандай: АПОЭЛ - 9 ұпай, «Олимпиакос» - 8, «Янг Бойз» - 5, «Астана» - 5. Айта кетейік, соңғы турда жеңіске жеткен күннің өзінде «Астана» да, «Янг Бойз» да «Олимпиакостан» асып түсе алмайды. Себебі гректер екеуін де жеке кездесуде жеңген. Еске сала кетейік, кеше «Астана» АПОЭЛ-ден 2:1 есебімен басым түсіп, есе қайтарған болатын.