• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Сенім қашанда алға жетелейді

721 рет
көрсетілді

Халқымыздың бостан­дыққа ұмтылысының және қайсар рухының ар­қа­сында ата-баба­мыздың ғасырларға созылған ар­маны – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Демек, Тәуел­сіздікті қалай ұлықтасақ та, оған қа­тысты қандай құжат қа­былдасақ та еш артық­шылығы жоқ. Осы бір қасиетті сөзді күніне неше қайтара айтсақ та, оның құны бір мысқал да төмендемек емес. Тәуелсіздік деген сөзге біздің мейіріміміз ешқашан қанбайды да. Парламенттің Тәуелсіздік Деклара­циясын қабылдағанын халқымыздың арманын, ойын дөп басып таба алғаны деп бағалаймын. Осылайша жаңа тұр­пат­ты Қазақстанның, әлемге таны­лып, өз ор­нын белгілеген алып әрі асқақ елі­міз­дің қадір-қасиетін келешек ұрпақ­тың са­на­сына сіңіріп, отаншыл рухын ұш­тай түсе­тін боламыз. Бұл құжат бүгін де, ер­тең де өз маңызын, қажет­тілігін жой­май­ды. Барша қазақ­стандықтар үшін бел­гіленген Тәуелсіздік күнінің бейбітші­ліктің, татулықтың, бірліктің мерекесіне айналып кеткенінің өзі бұл атаудың қаншалықты маңызды екенін байқатады. Қазақстанның жаңа дәуірінің шы­мыл­дығын аш­қан Тәуелсіздік Президенті­міздің есімі­мен де, ең­бе­гімен де тығыз байла­нысты. Сөз жоқ, тәубе етер тәуел­сіз еліміздің көшін алға сүйреуде Елба­сы­ның ең­бегі ұшан-теңіз. Тәуелсіздікті алға сүй­рей­тін күштер бар, ең алды­мен, ол – хал­қы­мыз. Тәуел­сіз­дік ха­лық­тың ақылы­­мен, қуа­ты­­мен ны­ғай­ды. Ха­лық­­тың ауыз­бір­шілі­гі мен ын­ты­ма­ғы­ның арқа­сын­да көр­кей­ді. Ал осы тәуел­сіз­дік­ті бекем­­деген – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен кемел мінезі. Осындай тарихи жауапты сәтте табан­дылықпен еңбегін сіңіріп, Елба­сы­­ның міндеттеген жоспарлары мен мем­лекет­­тік маңызды бағдарламаларды, жоба­лар­­ды жүзеге асыруға жәрдемші болған – Пре­зи­дент сенім артып, ел жүгін көтеруге таға­йын­даған азаматтар. Осы үш күштің бір­лігі, үштаған одақ­тың ымыраластығы – ха­лық­тың, Президент­тің және биліктің бірін бірі қолдауы Тәуелсіздік әлеуетін арт­тыра түспек. Хангелді ӘБЖАНОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры АЛМАТЫ