• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Атырауда «Әлеуметтік патруль» мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

218 рет
көрсетілді

Атырауда ауа райы айтарлықтай суытып, 20 градусқа дейін төмендеді. Баспанасыз жандарға «Әлеуметтік патруль» бөлімі көмек көрсетіп жатыр. Аталған бөлімнің арнайы көлігінде фельдшер мен әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері бар. Олар күні бойы қала ішін аралап, үйсіз-күйсіз жүрген жандарды іздейді. «Көмекке мұқтаж, тұрғылықты орны жоқ жандарды әлеуметтік бейімделу орталығына әкелеміз. Қазір біздің орталықта 30 адам бар», – деді мекеме директоры Өміржан Жұманиязов. «Орталықта жуынып, тамақ ішіп, медициналық көмек алуға және түнеп шығуға болады. «Көпшілігі күн суытқанда өздері келеді, ал күн жылынысымен кетіп қалады. Тіпті, бір тәулік те тұра алмай, кетіп қалатындар бар. Себебі, мұнда спирттік ішімдік ішуге болмайды, басқа да қатаң талаптар бар», - деді Ө.Жұманиязов.