• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

ЕАЭО мен Сингапур арасындағы келісім 2018 жылы ратификацияланады

161 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді 2017 жылы жасап, 2018 жылдың бірінші жартысында ратификациялау жоспарлануда, деп хабарлады Ресей-Сингапур үкіметаралық комиссиясының отырысында РФ бірінші вице-премьері Игорь Шувалов. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. «Бізге Сингапурмен еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша ынтымақтастық аса маңызды. Себебі, Сингапур АСЕАН қатысушысы. Халықаралық саудамен айналысатын мамандар Сингапурды тек Еуразиялық экономикалық одақпен келісімге негізделген сауда-экономикалық қатынасы болатын бөлік ретінде ғана емес, қатынасты одан да кеңейте түсуді қарастыруда. Бұл АСЕАН арқылы жүзеге аспақ», – деді Шувалов. Оның айтуынша, осы жылдың мамыр айында Сочиде өткен Ресей-АСЕАН кездесуінде АСЕАН-ға кіретін басқа да елдер Ресей Федерациясына еркін сауда туралы келісім жасасуды ұсынды. «Бізде Ресей президентінен Сингапурмен айқын нұсқаулық бар. Яғни, 2017 жылдың аяғына дейін келісім жасасып, 2018 жылдың бірінші жартысында ратификациялау рәсімдерін жүргізу үшін осы уақытты пайдалануға барлық мүмкіндік бар екенін растаймын», – деп қосты Шувалов. ЕАЭО-ға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения кіреді.