• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Жаңа анимациялық фильм шығады

434 рет
көрсетілді

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрерменге келер жылы жол тартпақ, деп хабарлады Қазақфильмнің ресми интернет-ресурсы. 60 минуттық анимациялық фильмді жарыққа шығару үшін үш жыл тапжылмай еңбек ету керек. 22 адамнан тұратын шығармашылық топ шамамен 85 мың сурет салуы тиіс. Фильмнің режиссерлері Тілек Тілеуғазы мен Тұрдыбек Майдан дайындық жұмыстары 2015 жылдың қыркүйегінде басталғанын жеткізді. Анимациялық фильм 2017 жылдың тамыз айында дайын болмақ. Режиссердің пікірінше, шет елдік өнімдерге қарағанда отандық фильмдердің берері мол. Патриоттық сезімді оятып, дәстүрді дәріптеп, ұлттық идеологияны насихаттайтын бірден бір құрал - анимациялық фильмдер. «Мұзбалақ» көрінісінің желісінде адамның бүркітті алғаш рет қолға үйретуі баяндалады. Онда қыран құстың қазақ арасындағы ерек орны мен қасиеті көрсетіледі. Дайындық барысында Қазақстанның көрікті жерлері зерттеліп, ұлттық нақышта кейіпкерлерді көрсетуге аса көңіл бөлінген. «Әрине, фильм ұлттық болғаннан кейін, қазақи болғаннан кейін оның стилін де қазақи етіп шығару керек болды. Демек, көріністердің тереңдігін, қазақ жерінің байлығын, кеңдігін, әдемілігін, сұлулығын көрсету керек. Сол үшін осы көріністерге барымызды салып, арнайы экспедициямен шығып, фотоға түсіріп, соны зерттегіннің барлығын, түйгенімізді осы фильмге салып отырмыз», - деді «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің қоюшы-суретшісі Адай Әбілданов. Сонымен қатар, «Қазақфильм» киностудиясында «Күлтегін» толықметрлі мультфильмінің өндіріске дайындық жұмыстары басталды. Бұл жоба Адай Әбілдановтың режиссерлік етуімен жарық көрмек. Алдағы уақытта оның шығу уақыты белгілі болады.